Ведомство мәліметінше, құқық қорғау органдарына суицид белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түскен.
Шымкенттегі Дендросаябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
261
оқылды

Бүгін Шымкент қаласындағы Дендросаябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, құқық қорғау органдарына суицид белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында тұрғын үй ішінде ұзақ уақыт жатқан адамдардың мәйіті табылғаны хабарланған болатын.