Бұл мәліметтер Қазақстан Ұлттық банкінің статистикасынан алынған.
«281 миллиард теңге мерзімі өткен берешекке айналды»: халық микронесиеге батып барады
193
оқылды

2026 жылдың басындағы ресми деректерге сәйкес, Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының жалпы несие портфелі 1,5 триллион теңгеден асты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның 1,29 триллион теңгесі немесе 86 пайызы – жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары. Ал бизнеске берілетін микронесиелердің үлесі өте төмен деңгейде қалып отыр. Бұл мәліметтер Қазақстан Ұлттық банкінің статистикасынан алынған.

Соңғы бір жыл ішінде берілген микронесиенің жалпы көлемі 3,1 пайызға немесе 48 миллиард теңгеге азайды. Жеке тұлғаларға берілген қарыз көлемі де 0,38 пайызға немесе 5 миллиард теңгеге төмендеген.

Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың 281 миллиард теңгеден астам берешегі мерзімі өткен қарызға айналған. Бұл көрсеткіш бір жылда 3,77 пайызға өскен. Оның ішінде 77,6 миллиард теңге – төлемі үш айдан астам уақыт кешіктірілген проблемалық қарыздар. Дегенмен бұл санаттағы берешек көлемі бір жыл ішінде 14 пайызға азайған.