Тележүргізуші қиын жағдайда балаларына көз жасын көрсетпеуге тырысатынын айтты.
"Көз жасымды суға ағызып жіберсем, жеңілдеп қаламын...": Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/sultankyzy
118
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің басынан өткен қиын кезеңді еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ол желідегі парақшасында жазба жариялап, жан сырын ақтарды. Тележүргізуші қиын жағдайда балаларына көз жасын көрсетпеуге тырысатынын айтты.

"Ғашықпын сағандағы" қыздың ваннада отырып айғайлап жылайтын сәті қай-қайдағыны еске түсірді-ау. Қайрекеңнен кейін осылай ваннаға тығылып ішімдегіні суға айтып жылайтынмын. Сондағы ойым ұлдар көрмесін және қайғы-мұңымды көз жасы арқылы суға ағызып жіберсем, жеңілдеп қалам деп ойлайтынмын", - дейді ол. 

Желі қолданушылары тележүргізушіге қолдау білдіріп, пікір жазып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.