2018 жылғы 9 маусымға қараған түні Астанада Жуковтар отбасы тұрған уақытша баспанада өрт шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сол кезде төрт айлық Даша Жукова III және IV дәрежелі ауыр күйік алған. Бұл оқиға отбасының өмірін түбегейлі өзгертті.
Қыздың анасы Людмила Жукованың айтуынша, баланың оң қолындағы төрт саусағына ампутация жасалған. Қайғылы жағдайдан бері Дашаға жалпы 11 операция жасалды: оның тоғызы бетіне, екеуі қолына жасалған.
Алғашқы операция барысында зақымданған аумақтарды жабу үшін дәрігерлер санынан бетіне тері көшіріп салған. Жақында қызға кезекті ота жасалып, кейінгі емдеу кезеңінде жұмсақ тіндерді созуға арналған тіндік экспандер орнатылған.
Людмила Жукова қазіргі таңда төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын айтады. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Негізгі табыс көздері – баланың мүгедектігі бойынша төленетін зейнетақы мен күтім жасауға арналған жәрдемақы.
Анасының айтуынша, қазіргі уақытта дәрі-дәрмек пен оңалту шараларына қаражат қажет.