ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, 2026 жылғы 19 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 14:09-да жер сілкінісі тіркелген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы төмендегі елді мекендерде тіркелді:
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы – 3 балл (66 шақырым);
Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы – 3 балл (137 шақырым);
Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл (176 шақырым);
Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2 балл (193 шақырым);
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл (201 шақырым);
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 2 балл (224 шақырым);
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 2 балл (238 шақырым);
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпова ауылы – 2 балл (266 шақырым);
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы – 2 балл (268 шақырым);
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы – 2 балл (269 шақырым).
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.