17 ақпан күні Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде жеке тұрғын үйдің ауласында 52 жастағы әйелге иттер шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Зардап шегуші бірнеше жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Жануарлардың 60 жастағы иесі анықталды. Оған қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін шаралар қолданылды. Полицияның ақпаратынша, оның үй аумағында 20-25 ит ұсталған.