Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның әлеуметтік желідегі парақшасында жазуынша, күдіктілер – ағайынды, есірткіге тәуелді азаматтар.
Таразда 13 жастағы қызды ұрламақ болған күдіктілер ұсталды
398
оқылды

Тараз қаласында аялдамада тұрған 13 жастағы оқушы қызды ұрламақ болған күдіктілердің кім екені белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның әлеуметтік желідегі парақшасында жазуынша, күдіктілер – ағайынды, есірткіге тәуелді азаматтар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таразда бейтаныс екі ер адам көлікпен аялдамада тұрған қызды күштеп алып кетпек болғаны туралы ақпарат тараған еді. Оқиға бойынша полицияға хабарлама түскен.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.