Актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі өнер жолына бет бұрды, – деп жазды Aikyn.kz.
Аймира Аман әлеуметтік желіде жаңа әні жарыққа шыққанын жариялады. Оның ән салып тұрған бейнежазбасы аз уақытта көрермен назарын аударды.
Желі қолданушылары оның даусы мен образына жоғары баға беріп, қолдау білдіріп жатыр. Сонымен қатар басым көпшілігі әннің сөзіне мән беріп, «ән арқылы өз өмірін баяндап жатыр» деген болжам жасаған.
«Түк қалмады жылынарлық
Сезім – жалған, біліп алдық.
«Сен болмасаң өлемін» деді ол,
Екеуміз де тірі қалдық
Мен аманмын, ол да аман
Жалғыз өзім, қолда балам.
«Өліп қалам әйтпесе» деп,
Үйленіп еді зорға маған.
Алладан бақ сұрағанбыз
Уақытша ма, ұнаған қыз.
«Сен болмасаң, өлемін» деген,
Екеуміз де дін аманбыз».
Әннен осындай жолдарды байқауға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.