Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қорғауда.
Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен 2026 жылғы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына жолдама алды
385
оқылды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықта жарыс басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қорғауда.

Іріктеу кезеңінен өту үшін спортшылар өз тобында 1-2-орын алуы немесе 3-орын алғандар арасынан уақыт көрсеткіші бойынша үздік төрттікке енуі қажет болды.

Әжіғалиев екінші топта кейбір қарсыластарының құлаған сәтін тиімді пайдаланып, мәреге бірінші болып жетті де, тікелей 1/4 финалға жолдама алды.

Никиша өз тобында үшінші нәтиже көрсетті. Алайда оның уақыт көрсеткіші іріктеу кезеңінен өтуге жеткілікті болды.

Айта кетейік, 1/4 финал, 1/2 финал және финалдық жарыстар 19 ақпанға қараған түні өтеді.