Украинаның Қорғаныс күштері Днепропетровск облысындағы Вербовое маңында ресейлік әскерді кейін шегіндірді. Бұл туралы DeepState сарапшылары хабарлады.
Сонымен қатар, Донецк облысында Ресей армиясы Ступочки мен Закитное бағытында ілгері жылжыған. Өңірде ұрыстар жалғасып жатыр.
Донецк облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Вадим Филашкин бір тәулікте облыс аумағы 16 рет атқыланғанын мәлімдеді. Бірқатар елді мекендерде тұрғын үйлерге зақым келді, майдан шебінен 205 адам, оның ішінде 73 бала эвакуацияланды.