Қар, көктайғақ: 14-16 ақпан аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады және тұман түседі.

Қазгидромет 14-16 ақпандағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

15 ақпаннан бастап республиканың батысына солтүстік-батыс циклоны ығыса бастайды. Соның әсерінен жаңбыр мен қар жауады, жаяу боран соғады, сондай-ақ бүкіл ел бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклондармен байланысты атмосфералық фронтальды толқындардың өтуіне байланысты бүкіл кезең бойы жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болып, құбылмалы ауа райы сақталады. 14–15 ақпанда жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады және тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.