Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады
Фото: gov.kz
147
оқылды

Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Нәтижесінде, жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. 

Қосымша пойыздар қозғалысы

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

  • Алматы-2 стансасынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
  • Астана-1 стансасынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

  • Нұрлы жол стансасынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
  • Шымкент стансасынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

Барлығы — 8 рейс.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»

  • Ақтөбе стансасынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
  • Нұрлы жол стансасынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Анықтамалық ақпарат  үшін 1433 тегін нөмірі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.