Ол әйел отбасы үшін арманынан бас тартып, түрлі құрбандыққа баратынын жеткізген.
«Жерден алып, жерге салады...»: Айжұлдыз Адайбекова әйелдің қоғамдағы рөлі туралы айтты
153
оқылды

Актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде қоғамдағы әйел мен ердің рөлі туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әйел отбасы үшін арманынан бас тартып, түрлі құрбандыққа баратынын жеткізген. Сонымен қатар отбасы бақытты болу үшін ұлды жастайынан тәрбиелеу маңызды екенін атап өткен.

«Әйел. Көп жағдайдың бәріне көзін жұмып, жан-жағына құтқарушының рөлін алады, кем болғанынан емес, жүрегі кең. Сонда да оған қарсы сөйлеп, әйелден кемшілік іздейтін қаншама надан 46 хромосомадан пайда болған МҒҚ-лар бар. Сонда ол отбасының берекесін қорғайды, бала туады, кірін жуады, тамағын істейді, сабағын оқытады, ақша да табады, кейде арманынан бас тартады. Сонда да аузы нашар сөзге толған біздің кейбір патриоттарымыз жерден алып, жерге салады. Қызыңа ие бол емес. Ұлыңды тәрбиеле, айналайын. Бәріне айтылған емес, бірақ 79% адамдарға айтылған сөз», - дейді ол. 

Желі қолданушылары блогерге қолдау білдіріп, пікір жазып жатыр. Сонымен қатар оның образын жоғары бағалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.