Әнші, Халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай Revue бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ақерке өзі де өнер жолында жүргендіктен әнші ретінде, адам ретінде енесінен үйренері көп екенін жеткізді.
"Мама туралы ауыз толтырып айта аламын. Ол кісінің өмірде, сахнада қаншама тәжірибесі бар. Менің барлық жағынан алатыным бар. Өмірлік жағынан да, әнші ретінде де. Күнделікті шай үстінде айтқан сөздері мен үшін сабақ. Дегенмен соңғы сұхбатында мамамның айтқан сөздері маған одан да үлкен жауапкершілік артады. Соған сай болуға тырысамын", - дейді ол.
Роза Рымбаева сұхбатында келіні Ақерке болашақта өзінің орнын басатын адам екенін айтқан еді.
Желі қолданушылары Ақеркенің тәрбиесіне тәнті болып, жылы лебізін білдіріп жатыр.
"Қазақы тәрбиелі, иманжүзді қызға үйленген Әли", "Розадай енесі бар сен бақыттысың", "Екінші келіні де адалынан болсын", " "Әли жар таңдауда жаңылыспапты", "Маған да осындай келін жұғысты болсын", - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.