Ауа райына байланысты осындай шешім қабылданып отыр.
Астанада ертең бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды
Фото: Астана әкімдігі
267
оқылды

Астанада ертең бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауа райына байланысты осындай шешім қабылданып отыр. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді.

«2026 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына ( ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері қашықтан оқыды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.