Астана мен Белград арасындағы екіжақты байланыстар нығая түседі.
Қазақстан мен Сербия энергетика саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Фото: gov.kz
126
оқылды

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Сербия Республикасының Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі министрі Ненад Поповичпен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Келіссөздер екі ел басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардың қисынды жалғасы болды.

Ерлан Ақкенженов атап өткендей, Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар әрқашан өзара құрметпен және сындарлы ынтымақтастықпен ерекшеленеді.

«Энергетика – екі елдің экономикалық тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігінің стратегиялық факторы. Бүгінде біз мұнай-газ саласында, электр энергетикасында, жаңартылатын энергия көздері бойынша өзара іс-қимылды нығайтудың, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың зор мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Мемлекеттеріміздің басшылары деңгейіндегі диалог практикалық ынтымақтастыққа қосымша серпін бергеніне сенімдімін. Бұл тәжірибе алмасуға және елдеріміз үшін пайдалы нақты жобалардың іске асырылуына ықпал етеді», – деді Энергетика министрі.

Келіссөздер барысында Ерлан Ақкенженов энергетика саласындағы негізгі басымдықтар мен Қазақстанның мүмкіндіктерін таныстырды. Кездесуге қатысушылар белгіленген жоспарларды іске асыру экономикалық дамуды ынталандырып, Астана мен Белград арасындағы екіжақты байланыстарды нығайта түсетініне сенім білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.