Астанада екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары онлайн оқиды.

Астана қаласында ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«2026 жылғы 10 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.