Бұл туралы Украина Қарулы күштерінің «Шығыс» әскер тобы хабарлады
Ресей әскері тағы бір қаланы басып алуға күш жинауда - Украина қарулы күштері
418
оқылды

Ресей әскерлері Донецк облысындағы Мирноград маңында күш жинап, қаланы шабуылдауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Украина Қарулы күштерінің «Шығыс» әскер тобы хабарлады.

Украин бөлімшелері Мирноградтың солтүстік бөлігінде қорғаныс шептерін ұстап тұр. Жау ауыр техника мен тірі күшті шоғырландыруға тырысуда, украин әскері олардың логистикасы мен шоғырланған орындарына соққы беріп жатыр.

Сонымен қатар Покровск қаласының солтүстік бөлігі Украина әскерінің бақылауында. Қалалық ұрыстар жалғасуда, қарсыластың оңтүстікте топтасу әрекеттері жүйелі түрде жойылуда.