Әншінің айтуынша, оқиға кезінде жанында болған адамдар оның жағдайына алаңдап, полиция шақырған.
«Жәбірленуші болсам да, мені полиция алып кетті»: «Нұр-Мұқасан» тобындағы Ғалымжан Сүлеймен істің созылып жатқанына алаңдайды
167
оқылды

«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен өзіне қатысты іс не себепті ұзаққа созылып кеткенін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Әншінің айтуынша, оқиға кезінде жанында болған адамдар оның жағдайына алаңдап, полиция шақырған. Алайда құқық қорғау органдары келген соң, жәбірленуші бола тұра, полиция бөліміне өзі жеткізілген.

Ғалымжан Сүлейменнің сөзінше, тәртіп сақшылары жеткенге дейін де оған күш қолдану тоқтамаған. Сондай-ақ ол қарсы тараптың ықпалды таныстары болуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын айтты.

Әнші уақыт өте келе оқиғаға қатысты түрлі қауесеттер тарай бастағанын, ал екі ай өтсе де істің әлі күнге дейін нақты шешімін таппағанын жеткізді.

Бұл мәселеге қатысты оның қорғаушысы Инга Иманбай да пікір білдіріп, тергеу заңда белгіленген мерзімнен асып кеткенін және істің баяу жүріп жатқанын атап өтті.