«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер.
Өңірлерде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі
Фото: iStock
82
оқылды

Дауылды ескертулер сақталады:

04 ақпанда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

04 ақпанда Атырау облысында ауа температурасы күндіз 5-10 градус аязға дейін күрт төмендейді, 05 ақпанда түнде 17-22 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

04 ақпанда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 08 градус аязға дейін күрт төмендейді, 05 ақпанда түнде және күндіз 7-12 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Алматы қ.: 04 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

05 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде және күндіз 7-12, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді, 06 ақпанда түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

06 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында 28 градус аязға дейін, күндіз 17-22 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстігінде 26 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Ақмола облысының  батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде 12 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 1 градус аяз-4 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

04 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 05 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

04 ақпанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

04 ақпанда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарды қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

04 ақпанда түнде Абай облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с.

04 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

04 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында түнде қатты қар, күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

04 ақпанда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

04 ақпанда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

04 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

04 ақпанда Атырау облысының солтүстігінде,  шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

04 ақпанда түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

04 ақпанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

04 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

04 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

04 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің соңында облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

04 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

04 ақпанда Қызылорда облысында тұман, облыстың батысында көктайғақ күтіледі.