Қазгидромет 4 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің соңында облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Жезқазғанда тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында түнде қатты қар, күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Ақтөбеде көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысында қар жауады, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ақтауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Күндіз жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қостанайда күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын болады.
Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде қар, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарды жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман түседі.
Қызылорда облысында тұман, облыстың батысында көктайғақ болады. Қызылорда 4 ақпанда кей уақытта тұман түседі.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады кей уақытта екпіні 18 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.