БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Жетісу облысында көктайғақ күтілуде.
Еліміздің көптеген өңірлерінде тұман болжануда
Фото: iStock
131
оқылды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ел аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

БҚО, Ақмола, Қарағанды, ШҚО, Абай және Ұлытау облыстарында қар жауады.

БҚО, Ақмола, Қарағанды, ШҚО, Абай, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында бұрқасын болады.

Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік және оңтүстік-шығысты қоса алғанда, еліміздің көптеген өңірлерінде тұман болжануда.

4-5 ақпан күні Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы -15... -22 °С дейін төмендейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.