Қазақстанда қаңтар айында жол апатынан 99 адам қаза тапты

Қазақстанда қаңтар айында жол апатынан 99 адам қаза тапты
Қазақстанда қаңтар айында жол апатынан 99 адам қаза тапты

Елімізде 2020 жылдың алғашқы айында жол апатынан 99 адам көз жұмды, ­– деп жазады finprom.kz. Дереккөздің жазуынша, қаңтар айында Қазақстанда 908 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиғалар салдарынан 1,3 мың адам зардап шегіп, олардың ішінде 99-ы адам қайтыс болған. Жыл басынан бері ең көп жол апаты Алматыда ­– 259, Алматы облысында – 119, Шығыс Қазақстан облысында 80 жол оқиғасы тіркелген. Айта кетейік, былтыр Қазақстанда 16,6 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді.