Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумына қатысып, сөз сөйледі. Алдымен Президент Волонтерлер форумының ашылуымен құттықтады.
Қоғам игілігі үшін қызмет еткендер
106
оқылды

– Бұл – шын мәнінде ерек­ше басқосу. Бәріңіз де бүгінгі форумға еліміздің әр айма­ғы­нан келіп жатсыздар. Мен Сіз­­­­­дерді қоғам игілігі үшін қыз­­мет етіп жүрген Қазақ­стан­ның нағыз отан­шыл, жа­сам­паз және қамқор жастары деп са­наймын. Биыл бүкіл әлем Халықаралық ерік­тілер жы­лын атап өтуде. Өздеріңіз бі­лесіздер, бұл бастаманы мен Бірік­кен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында көтердім. Елі­міздің ұсынысы жаһандық ау­қымда қолдау тапты. Біз өр­ке­ниетті ел ретінде күллі адам­затқа ортақ құндылықтарды дә­­ріптейміз, оны келешек ұр­пақ­қа аманат ете­міз.

Ерікті болу – игі істер жа­сау, жақсылық іс­теп, басқаға үл­гі көрсету, Отаныңа адал қыз­мет ету, туған жеріңе жана­шыр болу деген сөз. Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, ерік­тілер қатарына қосылып, қажырлы еңбек ете­ді. Ерік­ті­лер­ді озық ойлы қо­ғам­­ның ай­на­сы деп айтсақ, ар­­тық бол­майды. Нағыз во­лон­тер тұ­тас қоғамның игілігін ой­лайтын, еліміздің мұрат-мүд­десін биікке қоятын сана­лы азамат екені сөзсіз. Осы орай­да бүгін мен барша ерік­ті­лерге шынайы алғысымды ай­тамын, – деді Мемлекет бас­шысы.

Президент еріктілердің бар­лық игі істің ба­сы-қасында, хал­қымыздың арасында жүре­тінін айт­ты. Осылайша, елі­міз­дің дамуына елеулі үлес қо­сып келеді. 

– Жаңа ғана бірнеше аза­мат сөз сөйледі, сал­мақты ой­­ларын ортаға салды. Ұтым­ды ұсы­ныстарын жеткізді. Олар­дың көбін мен қол­дай­мын, ең пай­далы ұсыныстарыңызды жү­зеге асы­руға тапсырма бере­мін. Халқымыз «Ақыл – жас­тан» деп бекер айтпаған. Қазақстанның бо­ла­шағы – осындай белсенді әрі жігерлі ұл-қыз­дарымыздың қолында. Бәріңізге «Жарай­сыздар!» деп айтқым келеді.

Қазақ – болмысынан кең­пейіл халық. Қи­налған адамға қолұшын беру – ұлтымыздың бойын­да бар асыл қасиет. Ба­ба­ларымыз жақы­ныңа жана­шыр болуды, табиғатты ая­лау­ды адам­гершіліктің белгісі са­­­­­наған. Әрдайым ын­тымақ пен бірлікті сақтап, тату-тәтті өмір сүруді ұр­пағына өсиет ет­кен. Ұлы Абай «толық адам» болу­дың бір шарты – жұртқа жақ­сылық жасау, ша­паға­тың­ды тигізу деген. Сіздер осы өсиет­ке сай еңбек етіп, «Адал аза­мат» деген атқа лайық­ты іс­терді атқарып жүрсіздер. Әсі­­­­ресе, сын сағаттарда волон­тер­леріміз кез келген шаруаға зор жауапкершілікпен қарап, бел­сенді жұмыс істеуде. Пан­де­мия кезінде еріктілердің ер­­­­лі­гіне бү­кіл ел куә болды. Күр­­делі кезеңде мыңдаған во­лон­тер алдыңғы шепте еңбек етті. Олар дәрі­герлерге, тәртіп сақ­шыларына, мұғалімдерге, мұқ­­таж жандарға көмектесті. Алапат тасқын кезінде ерік­ті­лер құтқарушылармен бірге ор­­тақ іске атсалысты. Апат күн­­­­дері 50 мың волонтер та­бан­­ды жұмыс істеді. Жалпы, мұн­­дай мысалдар аз емес, көп, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы халқы­мыз­дың «Жақ­сы­ны ісінен та­ны» деген сөзін еске салды. Ерік­­тілер қазақтың мейірбан ұлт екенін іс жүзінде көр­сетіп жүр­генін айтты. 

– Баршаңызға мәлім, мен Мем­лекет басшы­сы ретінде ерік­тілер қозғалысына ерекше мән беремін. Қазақстан «во­лон­тер болам, қоғамдық іс­пен ай­налысам» деген әрбір аза­мат­ты қол­дай­ды. Қазір елі­міз­де 1 ұлттық және 20 аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр. Ерік­ті­лердің саны да артып келеді. 2020 жылы Қа­зақ­станда 50 мың волонтер бар еді. Қазір олардың қатары 300 мың адамға жетті. Елге пай­далы жұ­мыспен айналысатын ұйымдардың саны төрт есеге жуық өсіп, 800-ден асты.

Қазір еріктілеріміз эколо­гия, білім, мәдениет жә­не бас­қа да салалар бойынша маңыз­ды бас­та­­малар көтеруде. Со­­ның ішінде «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волон­тер­лері» жобаларын ерек­ше атап өтуге болады. Осындай іс-шара­ларға 100 мыңға жуық ерікті қатысты. Әр баста­ма­ның елге, қоғамға берер пай­да­сы мол. Мен өз­деріңіз сияқ­ты жа­сам­паз жастарға зор үміт ар­та­мын. Біз бәріміз бір ел бо­лып, ауқымды шаруа атқар­дық. Енді тоқтамай, тек қана алға қа­рай жүру үшін заман ағы­мына сай болу өте маңыз­ды, – деді Пре­зидент. 

Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер қозғалысын дамытуға қатысты бірнеше өзекті міндетке тоқталды. 

– Бірінші, волонтерлік қыз­метте жаңа техноло­гия­лар­ды кеңінен пайдалану керек. Мен Жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуға тиіс деген міндет қой­дым. Соған сәйкес нақты жұ­мыс істеліп жатыр. Ел өмі­рінің барлық саласына озық технология тәсілдері, әсіресе жа­санды интеллект жүйесі ен­гізіле бастады. Еріктілер қоз­ға­лысы да бұл жұмыстан шет қал­мауы керек. Мен волон­тердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын.

Екінші, халықаралық ықпал­дастықты арттыру міндеті тұр. Қазақстан БҰҰ Еріктілер бағдар­ламасына атсалысып келеді. Бұл біздің азаматтарымызға жаһандық волонтерлік құрылымдарда біре­гей тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Еріктілеріміздің осы Бағ­дар­ламаға алдағы уақытта да қа­тысуын қамтамасыз ету маңызды. Тәжірибе алмасуға және халық­аралық дең­гейдегі волонтерлік бастамаларды үйлестіруге арнал­ған жаңа платфор­малар құру қажет деп санаймын. Қазақстан БҰҰ-мен қатар ШЫҰ, АӨСШК, ТМД секілді маңызды ұйымдар аясында еріктілер қозға­лысын дамытып жатыр. Мәселен, биыл біздің бас­тамамызбен Қазақ­станда Тәу­елсіз Мемлекеттер Дос­тастығына мүше елдер еріктілерінің алғашқы фору­мы өтеді. Өздеріңізге мәлім, елі­міздегі Халықаралық еріктілер жылы «Орнықты келешек үшін бір­ге!» ұранымен өтуде. БҰҰ қол­дауым­ен Астанада биыл сәуір айында өтетін Өңірлік экология­лық саммиті аясында волонтерлер үшін арнайы сессия ұйымдастыру жос­пар­ланып отыр. Бұл іс-шара эко­логия саласындағы үздік вол­он­терлік жобаларды жүзеге асыру­­ға ықпал етпек. Бұдан бөлек, Кас­пий теңізіндегі іс-қимыл апта­лы­ғы мен Арал маңындағы таби­ғат­ты қалпы­на келтіру жөніндегі халық­аралық волонтерлік апталық өт­кізу көздел­ген. Аталған жиын­дарға түрлі мем­лекеттен еріктілер ша­қыр­ылады. Кең-байтақ өңірі­міздің қайталан­бас экожүйесін сақтауға бағыттал­ған бұл бастама­ларды қол­даймын, – деп атап өтті Мем­ле­кет басшысы.

Президент үшінші мәселе рет­інде азаматтардың экологиялық мә­дениетін арттыру қажет екеніне назар аударды. Бұл – өркениетті қоғамға тән өте маңызды құнды­лық. Бүгінде еріктілер елді мекен­дерді көркейтуге белсене атсалы­сып жүр. Олар былтырдың өзінде «Таза Қазақстан» аясында өткен 1 300-ден астам іс-шараға қатысты. Сондай-ақ волонтерлер ағартушы­лық сипаттағы түрлі бастамаға ұй­ыт­қы болды. Осындай игі істер арқылы елімізде жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты күшейте түсу керек, себебі экологиялық мәден­иеттің жоғары болуы кез келген елдің озықтығы мен жасампазды­ғының айқын көрінісі. Ал Қазақ­стан ең дамыған елдердің қатар­ында болуы қажет, бұл – ұлттық стратегияның аса маңызды бөлігі. Әсіресе, кәсіби эковолонтерлерді даярлап, әр аймақта тұрақты ұжым­­дарды жасақтау өте маңызды. «Таза Қазақстан» қозғалысын ұлт­тық идея және мемлекеттік саясат ретінде міндетті түрде кеңінен дәріптеп, жалғастыру қажет. 

– Төртінші, волонтерлікті дамы­ту үшін мемлекет деңгейіндегі жаңа жүйелі шаралар қажет. Биыл еріктілер ісін дамытуға арналған үш жылдық Жол картасын іске асыру мерзімі аяқталады. Сон­дық­тан Үкімет 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды құжат әзірлегені жөн. Бұған дейін қабылданған шаралардың тиімді­лігіне баға беру және Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай волонтерлік қозғалысты ны­ғай­ту үшін қосымша ынталандыру тетіктерін қарастыру маңызды.

Бесінші, корпоративтік ерік­тілер қозғалысын дамыту – өте маңызды міндет. Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуге тиіс. Мемлекетіміз ұлттық буржуазияны үнемі қолдауда, ал біздің кәсіп­керлер халқымызға қамқор болып, әрдайым көмектесуі керек. Тарихта мұндай мысалдар аз емес. Бақуатты азаматтар мектеп салып, оқу-ағар­ту ісін дамытуға үлес қосқан. Кі­т­ап­тар, газет-журналдар шығаруға, халықтың сауатын ашуға зор еңбек сіңірген. Бір сөзбен айтқанда, ұлт­тың бойында, болмысында жаңа қасиеттер қалыптастыруға белсене атсалысқан, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуын­­­ша, қазір де көптеген жо­март жанды азаматтарымыз бар. Олар қайырымдылық және басқа да әлеуметтік маңызы бар шара­ларға еріктілерді көптеп тартатын болды. 

– Бизнес өкілдері корпора­тивтік волонтерлік қызметке назар ауда­рып, осы бағыттағы жобаларға барынша қолдау көрсетуі керек. Қызметкерлердің қоғамдық жұ­мыс­қа белсене атсалысуына жағ­дай жасауы қажет. Мемлекет жұрт­қа жақсылық жасап, қоғамдық істерге ұйытқы болып жүрген кә­сіпкерлерді қолдайды. Сондықтан мен былтыр арнайы «Мейірім» орденін тағай­ындау туралы шешім қабылдадым. Бұл марапат халық­тың қамын ойлайтын отаншыл аза­маттарға деген шынайы құр­меттің белгісі болмақ, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вол­онтерлер форумы елдің тағдыры, ұлттың болашағы айқындалатын шешуші сәтте өтіп жатқанын жеткізді. 

– Мен былтырғы Жолдауымда алдағы саяси жаңғырудың негізгі бағыттары туралы ұсыныстарымды айттым. Бұл бастамалар қоғамның кең қолдауына ие болды, оны бүкіл ел болып талқыладық. Жарты жылдан бері конституциялық реформаға қатысты қызу пікір­талас жүріп жатыр. Партиялардан, депутаттар мен сарапшылардан, заңгерлер мен қоғам белсенді­лерінен мыңдаған ұсыныс келіп түсті. Онда мемлекеттің институ­ционалдық негіздерін өзгертуден бастап, Ата Заңның мәтінін редак­циялауға дейін, өте көп мәселе қам­тылды. Азаматтардың белсен­ді­лігін ескере отырып, мен Ұлттық құрылтайдың Қызылордадағы отырысында бірқатар бастаманы жұртшылықтың назарына ұсын­дым. Оның бәрі бүкіл мемлекетті басқару жүйесін тиімді, орнықты әрі теңгерімді етуді көздейді. Бар­ша әлем өзгеріп, заман бұлыңғыр болып тұрған қазіргі алмағайып кезеңде, бұл – өте маңызды мәселе.

Халықтан келіп түскен ұсын­ыстарды жүйелеп, жинақтау үшін Конституциялық комиссия құрыл­ды. Оның құрамына барлық ай­мақ­тың өкілдері мен түрлі санат­тағы азаматтар, халық қал­ау­лы­­лары, орталық атқарушы орган­дар­дың басшылары, құқықтанушы ғалым­дар, тіл мамандары және бел­сенді жастар кірді. Қоғам өкіл­дерін қамту ауқымы, кәсібилік мен азаматтық жауапкершілік тұрғы­сынан алған­да, мұндай комиссия елімізде бұ­рын-соңды болмаған деп сеніммен айту­ға болады. Ком­ис­сия жұмысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпін берді. Комиссия мүше­лері конститу­ция­лық реформаға қатысты әр мәсе­лені егжей-тегжей­лі қарап, жан-жақты талқылап, ауқым­ды жұмыс атқарып жатыр. Осыған дейін Комиссияның 5 отырысы өтті. Оның бәрі әлеуметтік желіде тіке­лей эфирден көрсетіліп, ақпарат құралдары арқылы кеңінен тара­тылды. Мен талқылау барысын мұқият қадағалап отырмын. Осы орайда Ата Заңымызға қатысты көптеген прогрессивті, иннова­ция­лық ұсыныс берілді деп сенім­мен айта аламын. Түптеп келгенде мұның бәрі еліміздің Ата Заңына негіз болады. Бұл әлемде қалыптас­қан қазіргі күрделі кезеңде біртұтас Қазақстан халқына бағыт сілтейтін маңызды құжатқа айналады деп сенемін, – деді Мемлекет бас­шысы.

Ел Президенті Конституция – кез келген елдің ең басты жол көр­сететін құжаты, темірқазығы екен­ін тілге тиек етті. 

– Конституцияны бәріміз біл­уі­міз керек, бағалауымыз қажет. Сондықтан егер болашақта Конс­титуцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын. Бұл да халқы­мыздың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі деп сенемін.

Тағы бір айта кететін маңызды жайт: Комиссия Конституцияға қатысты ұсыныстың бәрін мұқият саралап шықты. Мұқият ойласты­рылған түзетулер Конституцияның барлық негізгі бөлімдері мен баптарын, преамбуласын түгел қамтитын болады. Кешегі отыр­ыстағы пікірталаста Комиссия мүшелері «Ата Заңға енгізілетін өзгерістер ауқымына қарасақ, жаңа Конституция қабылдауымыз керек» деген байлам жасады. Шын мәнінде, ұсынылған түзетулер жобасы елді институционалдық-құқықтық тұрғыда жаңғыртумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге бұл қадам тұтас мемлекеттік жүйе­ні қайта түзуге жол ашады. Түбірі­мен өзгерген мүлдем жаңа құжат­тың бейнесі қалыптасты.

Ата Заңымызда жарқын бола­шаққа нық қадам басқан бүгінгі Қазақстанның тұғыры әбден бекі­ген мемлекет ретіндегі идеалдары, қағидаттары мен басымдықтары көрініс табады. Әрине, қолданыс­тағы Ата Заң Қазақстанның тәуел­сіз мемлекет ретінде дамуына елеу­лі үлес қосты. Мұны ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан былтыр­ғы 30 тамызда Конститу­цияның 30 жылдығын кеңінен атап өттік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуын­ша, комиссия мүшелері ұсынған заңнамалық ережелерде адам құқықтары бәрінен жоғары тұратыны және адам капиталы ең қымбат құндылық екені айқын көрсетілген. Сондай-ақ әр азамат­тың өз әлеуетін іске асыруға теңдей мүмкіндік беретін әділ қоғам құруды көздейді. 

– Ғылым-білім, инновация салаларын дамытудың маңызына ерекше назар аударылып отыр. Жаңа тарихи кезеңде еліміздің цифрлық дәуірге бейімделуі жеткі­ліксіз. Жасанды интеллект және басқа да озық технологиялар біздің қоғамға қызмет етуі қажет. Сон­дық­тан даму көшінің бағытын нақты айқындауымыз керек. Ата Заңымызда адамгершілік құнды­лықтарды ерекшелеп, бөлек жазу ұсынылды. Бұл да – өте маңызды. Басқаша айтқанда, адам жасанды интеллектіге қызмет етпейді, кері­сінше, адамзаттың ақыл-ойынан туындаған жасанды интеллект тұр­мыс-тіршіліктің барлық сала­сында толайым табысқа жетуі үшін азаматтарға көмектеседі.

Конституцияда гуманитарлық құндылықтарды қалыптастыру маңызды деп санаймын. Атап айт­қанда, жалпыұлттық бірегейлікті нығайтуға, табиғатты аялауға бас­ымдық беру жөнінде сөз қозғап отырмыз. Бұл мәселе бүгінгі баян­дамашылардың сөзінде қамтылды. Идеяларыңызды қолдаймын. Соны­­мен қатар бай мәдени мұра­мыз­ды сақтауға, дәріптеуге бағыт­талған волонтерлеріміздің қыз­ме­тін де қуаттаймын. Конституцияға енгізі­ле­тін өзгерістер еліміздің даму­ын жаңа әрі сапалы деңгейге көтереді. Бүкіл мемлекеттік жүйені қайта құрып, билік пен қоғамның ықпал­дастығын жетілдіре түседі. Ұсын­ылған түзетулердің ішінде жауапты әрі жасампаз отаншылдық туралы идея бар. Патриотизм – құр ұран емес. Бұл қасиетті ұғымға жауапкер­шілікпен қараған абзал. Мен бұл жайында жақында өткен Ұлттық құрылтай отырысында айтқан болатынмын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, отаншыл азамат дегені­міз – жауапкершілігі жоғары және жасампаз азамат. 

– Мен еліміздегі әрбір ерікті­ні – баршаңызды дәл осындай нағыз отаншыл азаматтар деп санаймын. Жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясы әрбір волон­тердің жанына жақын. Менің бұған еш күмәнім жоқ. Әрбір аза­мат өзінің және қо­ғамның игі­лігі жолында күнделікті адал еңбек етіп, әлемді жақсарта түсуге ұм­тылу­ға тиіс. Отанға деген шынайы сүйіспеншілік – осы.

Танымал қоғам қайраткері пастор Мартин Лютер Кинг «I have a dream», яғни «Менің де арманым бар» деген еді. Сондықтан «мына әлемді жақсарта түсемін» деп армандаңыздар. Мұраттарыңызға жетесіздер деп ойлаймын, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент әлем­де түрлі қақтығыстар мен шие­леністер ушығып, болашақты болжау қиынға соғып жатқанын жеткізді. 

– Соған қарамастан еліміз өсіп-өркендеп келеді. Біз табанды ең­бектің арқасында барлық мақ­сат-мұратымызға жетеміз. Кез келген сын-қатерге төтеп береміз. Өскелең ұрпақтың көзі ашық, көкі­регі ояу, ұқыпты, тәртіпті, жинақы болғаны, жақсы мен жаманды айыра білгені айрықша маңызды.

Тағы да атап өткім келеді: мен халқымыздың, әсіресе жас буын­ның күш-жігеріне, жасампаз рухына сенемін. Қазақстан – біз­дің жалғыз Отанымыз, бәріміздің қастерлі мекеніміз. Елімізді ешкім сырттан келіп көркейтіп бермейді. Қазақстанның мықты, қуатты, озық болғаны тек бізге ғана керек. Сүйікті Отанымызды көркейту, яғни Заң мен тәртіп үстемдік құр­ған, Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Осы міндетті орындау үшін бәріміз бір қоғам болып ең­бек етейік, достар, – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.