Елдің көп бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады.
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: iStock
1,173
оқылды

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес. Осыған байланысты ауа райы құбылмалы сипатта күтіледі. Тек елдің орталық және шығыс бөліктерінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ құбылыстары болжанады.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 12-23 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 8-18 градус аяз шамасында болады. Орталық облыстарда ауа температурасы түнде 5-17 градус аязға дейін көтеріліп, күндіз 0-10 градус аяз күтіледі. Республиканың оңтүстігінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: түнде 6 градус жылы мен 7 градус аяз аралығында, күндіз 3-13 градус жылы болады. Оңтүстік-шығыста түнгі температура 0-10 градус аязға дейін, таулы аудандарда 12-17 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 3-10 градус жылы, таулы өңірлерде 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында болады. Елдің қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгерістері күтілмейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.