Астанада салалық журналистиканы дамыту мәселелері талқыланды

Жиында журналистикада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелері қарастырылды.

Астанада Салалық журналистиканы дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиында салалық журналистика мамандарын даярлау, дуальды оқыту жүйесін енгізу, сондай-ақ журналистикада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелері қарастырылды.

​Отырыс қорытындысы бойынша, салалық журналистиканы дамытуға арналған бірқатар ұсыныс  айтылып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Сонымен қатар  салалық министрліктер мен жоғары оқу орындарымен бірлесіп дуальды оқыту жүйесін енгізу және жасанды интеллектіні қолдану үшін тиісті шаралар қабылданды,   делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.