Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылғы 23-24 қаңтарда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер.
Синоптиктер қауіпті метеорологиялық құбылыстар  болатынын мәлімдеді
Фото: iStock
273
оқылды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасының аумағында күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстар  туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тұман Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Павлодар, Қостанай, ШҚО, БҚО, Маңғыстау, Атырау және Жетісу, Абай облыстарында күтіледі.

Қар Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, ШҚО және Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында күтіледі.

Көктайғақ Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, БҚО, Маңғыстау облыстарында күтіледі.

Дауылды ескерту сақталады:

23-24 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Алматы қ.: 23-24 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қонаев қ.: 23-24 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

23 қаңтарда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі.

23 қаңтарда таңертең және күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Талдықорған қ.: 23 қаңтарда таңертең және күндіз тұман күтіледі.

23 қаңтарда Түркістан облысында қар, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі.  Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні – 23-28 м/с.

Шымкент қ.: 23 қаңтарда қар, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 23 қаңтарда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.

23 қаңтарда түнде Жамбыл облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қатты қар, күндіз облыстың  солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 23 қаңтарда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

23 қаңтарда Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда қ: 23 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі.

23 қаңтарда Ақмола облысында түнде аздаған қар, күндіз аздаған қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

23 қаңтарда түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

23 қаңтарда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

23 қаңтарда Қарағанды облысында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-18 м/с.

Қарағанды қ.: 23 қаңтарда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

23 қаңтарда Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

23 қаңтарда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Өскемен қ.: 23 қаңтарда тұман күтіледі.

23 қаңтарда түнде Абай облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні –  15-20 м/с.

23 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

23 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Орал қ.: 23 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

23 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
Ақтау қ.: 23 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

23 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.