Актер Кирк Дуглас 103 жасында өмірден өтті
Актер Кирк Дуглас 103 жасында өмірден өтті
Фото: Интернеттен алынды
487
оқылды
«РИА Новостидің» жазуынша, Голливуд жұлдызы Кирк Дуглас 103 жасында қайтыс болды. Актердің қазасы жайында People журналы оның ұлы, актер Майкл Дугласқа сілтеме жасап хабарлаған. «Бүкіл әлем үшін ол – аңыз адам әрі киноның алтын ғасырындағы актер еді», – дейді ұлы. Дереккөздің жазуынша, Кирк Дугластың есімі кинематография саласында атын әріптермен жазылары анық. Актер Кирк Дуглас кино әлемінде «Спартак», «Детективная история» фильмдерімен танымал. Актер 10 кітап жазған. Дуглас кинематография тарихындағы ең табысты актерлердің бірі болып саналған.