Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевті іздеу жұмыстарының тоқтатылғанын мәлімдеді.
Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен екі адамды іздеу тоқтады
382
оқылды

Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұрған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны іздеу-құтқару жұмысы аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевті іздеу жұмыстарының тоқтатылғанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, құтқару бөлімшелері Атырау облыстық Полиция департаментінің ресми өтініші негізінде іздестіру шараларына тартылып, ауыл аумағын толық тексеруге көмектескен.

– Полиция белгілеген барлық аумақ жан-жақты қаралды. Қазіргі уақытта Полиция департаментіне іздеуді жалғастыру жөнінде жаңа өтініштер немесе қосымша мәліметтер түскен жоқ, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.