Астанада «Аружан» сауда орталығында ер адамды жұмыс орнынан күштеп әскерге алып кеткені бейнеленген видео жарияланғаннан кейін, полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тексеру барысында ұстау кезінде полиция қызметкерлері заң талаптарын бұзғаны анықталды. Тиісті органдардың басшылығына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, соның нәтижесінде кінәлі тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылды.
Әскери прокуратураның мәліметінше, мұндай әскерге шақырылушыларды заңсыз жеткізу фактілері бұған дейін де тіркелген, алайда жауапкершілікке тартылған адамдардың нақты есебі жүргізілмейді.