Әлеуметтік желіде отбасылық суреттерін жариялаған өнер иесі өзін мақтан тұтатынын айтты.
«Баймын, мақтанамын»: Баян Алагөзова ерекше жазба жариялады
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
5,842
оқылды

Продюсер, актриса Баян Алагөзова туған күнінде өзіне тілек арнады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде отбасылық суреттерін жариялаған өнер иесі өзін мақтан тұтатынын айтып, өмірдің бар қызығы алда екенін жеткізген.

«Бақыт осы сәтте! Мен махаббатқа өте баймын! Сүйемін, сүйіктімін. Мен біреудің қызымын, әйелімін, анасымын, әжесімін, әпкесімін, досымын, жетекшісімін. Анамды, күйеуімді, балаларымды, жақындарымды және достарымды жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Бақыт деген - осы, бақыт қуанышты сәттерде! Қуанышты күйде оянып, көз ілемін. Бұл – менің еңбегімнің жемісі! Мен өзімді мақтан тұтамын. Өзімді туған күніммен құттықтаймын. Туған күнімде қуаныш, махаббат, мейірім, жасампаздық туралы, осы әлемді қалай жақсартуға болатыны жайлы ойлаймын! Туған күніңмен, менің сүйікті, қымбатты, керемет Баяшам! Өмірдің бар қызығы сен үшін», - деп жазды продюсер.

Продюсерді әріптестері мен оқырмандары құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Айта кетейік, продюсер 52 жасқа толып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.