Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ болады.
Көктайғақ болады: 9 қаңтардағы ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
1,089
оқылды

Қазгидромет 9 қаңтарда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шымкентте, Түркістанда кей уақыттарда тұман болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Қарағандыда тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, батысында екпіні 15 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі. Қызылорда кей уақытта тұман болады.

Маңғыстау облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.