Қар жауып, боран соғады: 6 қаңтарға ауа райы болжамы

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді.

Қазгидромет 6 қаңтарда ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада 6 қаңтарда қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болатыны болжанады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Оралда 6 қаңтарда көктайғақ, тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Қызылордада 6 қаңтарда тұман болу ықтималдылығы жоғары.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Түнде облыстың шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Атырауда 6 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың шығысында тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 6 қаңтарда қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 6 қаңтарда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болатыны болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 6 қаңтарда күндіз қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде 6 қаңтарда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда 6 қаңтарда кей уақыттарда тұман түседі.

6-7 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 6-7 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шымкент және Түркістанда да 6 қаңтарда кей уақыттарда тұман түседі.

Павлодар облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда 6 қаңтарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысындағы жел екпіні 15-20 м/с. Қостанайда 6 қаңтарда түнде қалың қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түсетіні болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 6 қаңтарда күннің соңында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 6 қаңтарда қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді.

6-7 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.