27 желтоқсанға қараған түні Ресей Украинаға қарсы ауқымды аралас соққы жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Украина Әуе күштерінің мәліметінше, радиотехникалық бөлімдер жалпы саны 559 әуе нысанасын тіркеді: 40 зымыран және 519 дрон (негізінен Shahed және өзге типтер).
Негізгі соққы бағыты — Киев және Киев облысы.
Алдын ала дерек бойынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері 503 нысананы атып түсірді, оның ішінде:
-
474 дрон,
-
6 “Искандер-М / Кинжал” баллистикалық/аэробаллистикалық зымырандары,
-
4 “Искандер-К / Калибр” қанатты зымыраны,
-
19 Х-101 зымыраны.
Сонымен бірге 10 зымыран мен 25 дрон нысаналарға тиген, 30 локацияда зақымдану тіркелді. Киев пен Киев облысында қираулар мен зардап шеккендер бар деген ақпарат бар.