Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметі 17 адамды, оның ішінде бес баланы аман-есен эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт үйдің электр қалқанынан тұтанған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалынды 6 шаршы метр аумақта қысқа уақыт ішінде сөндіріп үлгерген.
Кіреберістің қалың түтінге толуына байланысты тұрғындарды терезе арқылы эвакуациялау қажет болған. Өрт сөндірушілер үш буынды сатыны пайдаланып, адамдарды қауіпсіз жерге шығарды.
Қазіргі таңда оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.