Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, 26 адам түрлі жарақат алды.
Жапонияда 50-ден астам көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды
181
оқылды

Кеше Жапонияның Гунма префектурасындағы Кан-эцу жылдам автомагистралінде жаппай жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, 26 адам түрлі жарақат алды.

Апат Токиодан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Минаками қаласында екі жүк көлігінің соқтығысуынан басталған. Қалың қар мен көктайғақ салдарынан жүргізушілер уақытында тоқтай алмай, нәтижесінде ондаған көлік бір-бірімен соқтығысып, жол апатына ұласқан.

– Автожолдың бір бөлігін жауып қалған жүк көліктері кейінгі көліктердің соқтығысуына себеп болды. Жол-көлік оқиғасынан 26 адам зардап шекті. Қайтыс болған адамның бірі – Токио қаласының 77 жастағы тұрғыны. Бес адамның жағдайы ауыр, – деп мәлімдеді префектуралық полиция өкілдері.

Апаттан кейін 10-нан астам көлік өртке оранған. Олардың кейбірі толығымен жанып кеткен. Өртті сөндіру жұмыстары шамамен жеті сағатқа созылды.