Сондықтан аязды күндері өзін-өзі сақтау ережелерін білу – өте маңызды.
Қатты аязда үсіп қалмау үшін не істеу керек?
435
оқылды

Қыс мезгілінде күннің күрт суытуы, әсіресе жел мен ылғалмен қатар жүргенде, үсікке шалдығу қаупін арттырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Үсік – аяздың әсерінен дене ұлпаларының зақымдануы. Ол жеңіл түрінен бастап ауыр, қауіпті кезеңдерге дейін жетуі мүмкін. Сондықтан аязды күндері өзін-өзі сақтау ережелерін білу – өте маңызды.

– Дұрыс киініңіз. Көпқабатты киім киіңіз: жылуды жақсы ұстап, ылғалды сыртқа шығаратын маталарды таңдаңыз. Баскиім, қолғап, шарф, жылы аяқкиім міндетті. Аяқ-қол, мұрын мен құлақ үсуге ең бейім жерлер. Киім құрғақ болуға тиіс, ылғал киім үсікке тез шалдықтырады.

– Ашық теріні жабыңыз. Бет пен қолды мүмкіндігінше жауып, ашық қалмауын қадағалаңыз. Қатты желден қорғану үшін шарфты немесе бетпердені пайдаланыңыз.

– Дене қозғалысын тоқтатпаңыз. Ұзақ уақыт бойы қозғалмай тұру дене жылуының төмендеуіне алып келеді. Мүмкіндігінше қимылдаңыз, бірақ терлемеуге тырысыңыз. Тер ылғалдылықты арттырып, үсікке әкелуі мүмкін.

– Аязда ұзақ жүрмеңіз. Температура -20°C төмендегенде далада болу уақытын шектеңіз. Әсіресе, балалар мен қарттар үшін бұл аса қауіпті.

– Алкогольден сақ болыңыз. Спирттік ішімдіктер қан айналымын уақытша жылдамдатқанымен, шын мәнінде дене жылуын жоғалтуға әкеліп, үсік қаупін арттырады.

– Денеңіздің күйін қадағалаңыз. Қызару, жансыздану, шаншу сезімі — үсік басталуының алғашқы белгілері. Мұндайда бірден жылы жерге барып, жылытыңыз (бірақ ыстық суға салмаңыз).

– Телефонды әрқашан өзіңізбен алып жүріңіз. Күтпеген жағдайлар болса, жедел жәрдем немесе көмек шақыруға мүмкіндік болады. Бұл -  өте маңызды.