2001 жылы дүниеге келген боксшы 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы күміс жүлдеге ие болды.
Махмұд Сабырхан жанкүйерлер таңдауы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды
416
оқылды

Бұл мәртебелі атақ әлеуметтік желіде өткен дауыс беру арқылы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жанкүйерлердің қолдауына ие болған Махмұд Сабырхан өзбекстандық Жавохир Умматалиев, Фазлидин Эркинбоев, бразилиялық Луис Оливейра мен Юри Фалькао секілді мықты қарсыластарын артта қалдырды. Олардың арасында отандасымыз айқын басымдықпен үздік деп танылды.

Махмұд Сабырхан – әлем және Азия ареналарындағы жарқыраған жұлдыз

2001 жылы дүниеге келген боксшы 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар 2024 жылы Азия чемпионы атанып, 2022 жылғы құрлықтық додада екінші орыннан көрінді.

Жыл үздігі атағы үшін бәсекеде ол үндістандық Жасмин Ломбария мен Минакши Ходаны, норвегиялық Суннива Хофстадты және польшалық Агата Качмарсканы да артқа тастады.

Махмұд Сабырхан – қазақ боксының айбынын әлемге танытып жүрген қайсар спортшы.