Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қорғаныс министрлігі жанындағы Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.
Патриоттық рух – жалпыұлттық құндылық
158
оқылды

Жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, сондай-ақ Абай және Қостанай облыста­рының әкімдері баяндама жасады. Іс-шара барысында Мемлекет басшысының әскери-патриоттық тәрбие саласындағы бастамаларын тиімді жүзеге асыру мәсе­лелері талқыланды.

Ерлан Қарин желтоқсан айының ба­сын­да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердегі, басқа да құрылымдардағы әскери және құ­қықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде жиын өткізгенін айтты. Оның қорытын­дысына сәйкес, Президент заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, әс­кердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге қа­тысты нақты тапсырмалар бергеніне назар аударды. Осыған байланысты Мемлекеттік кеңесші әскери-патриоттық тәрбие са­ласындағы негізгі басымдықтарды ай­қындап берді. Атап айтқанда, әскери-пат­риоттық тәрбие жұмысына жалпыұлттық құндылықтарды енгізу, жастарды әскер қатарына шақырудың формасы мен тәсілдерін жаңғырту, Қорғаныс министр­лігі мен қоғам арасында тиімді комму­никация арналарын қалыптастыру, ор­талық және жергілікті атқарушы ор­ган­дардың бірыңғай іс-қимыл жоспа­рын әзірлеу, ардагер ұйымдарымен өзара тиімді әрекет ету, әскери оқу орындары мен жастар қозғалыстарының әлеуетін нығайту, 2026 жылы өтетін «Айбын» әскери-патриоттық жиынын мазмұнды ұйымдастыру секілді басым бағыттарды ескеру маңызды.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша, Ерлан Қарин мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие саласындағы жұмыс тәсілдерін жетілдіруге жауапкершілікпен қарау керек екенін ескертті.

Тілек ҚАБЫЛ