Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге Астанадағы әлеуметтік нысандар – «Қамқорлық» ерте араласу және психоәлеуметтік оңалту орталықтарының қызметімен танысты.
Жастар арасындағы суицид мәселесі айтылды
164
оқылды

Мекеме ұжымдарымен кездесуде мүгедектігі бар балаларды оңалту, оларға қызмет көрсету және ортаға бейімдеу шараларын жетілдіру ісіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шара барысында Мәулен Әшімбаев азаматтардың денсаулығын сақтау мем­лекеттің басым бағыттарының бірі сана­латынын және осы салада жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол аталған саланың аса маңызды екенін айтып, бұл бағыттың адам капиталына, әлеуметтік тұрақтылыққа, өмір сапасына және елдің жалпы экономикалық дамуына тигізетін әсеріне назар аударды.

Кездесуде мемлекет қабылдаған ке­шен­ді шараларға қарамастан, барлық мүдделі тараптың бірлескен күш-жігерін қажет ететін проблемалар бар екені сөз болды. Олардың қатарында созылмалы күйзеліс пен тәуелділіктің салдары, суи­цид, әсіресе ауылдық жерлердегі маман тапшылығы, емдеу мен көмек көрсетудің ескірген хаттамалары сияқты мәселелер өте өзекті. Мұндай жағдай кейде стиг­матизацияны күшейтіп, пациенттердің денсаулығына қауіп төндіруі де мүмкін.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Ке­мелұлы Тоқаев ұлт денсаулығы елдің басты байлығы екенін үнемі айтып келеді. Бү­гінде денсаулық сақтау жүйесін дамы­туға және дәрігерлерді қолдауға қатысты ке­шенді реформалар жүзеге асырылып жатыр. Дегенмен, қазір кадр тапшылығына байланысты денсаулық сақтау жүйесі психологиялық және психиатриялық көмек саласында айтарлықтай мәселелер бар. Соңғы 20 жылда қабылданған шара­ларға және өлім-жітім деңгейінің бір­тіндеп төмендеуіне қарамастан, өкінішке қарай елдегі суицид көрсеткіші азаймай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының бағалауы бойынша, Қазақстанда суицидтен болатын өлім-жітім саны әлем­дік орташа көрсеткіштерден асып түседі. Әсіресе, жастар арасында жиі кездеседі. Өз-өзіне қол жұмсау көбіне құмар ойын­дар мен есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін адамдарда болады. Жасыратыны жоқ, лудомания үлкен әлеуметтік мәселеге айналды. Осы орайда халықтың қолже­тімді психологиялық оңалту шаралары туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және қолданыстағы психологиялық қол­дау шараларының тиімділігін арттыру ісінде мемлекеттік органдарға ерекше жауапкершілік жүктеледі», – деді Сенат Төрағасы.

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, қажетті көмек пен емдеуді дұрыс ұйым­дастыру үшін дәрігерлік және консульта­циялық тәсілдерді ажырату аса маңызды. Сондай-ақ диагностиканың нақты жүйесі болуға тиіс. Қолдауға жүгіну жауапсыз қалмай, дер кезінде қажетті шаралар қолға алынуы керек.

Сонымен қатар палата Спикері Ор­нықты даму саласындағы ұлттық мақ­саттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парла­менттік комиссияның денсаулық сақтау бағытында жүргізіп жатқан жұмысына тоқталып, Орталықтың қызметкерлері мен емделушілерін алдағы мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, «Қамқорлық» ерте ара­ласу орталығы 2022 жылы ашылды. Содан бері аталған нысан 3 айдан 3 жасқа дейінгі психоневрологиялық және ақыл-ой ке­містігі бар балаларға амбулаториялық-емханалық оңалту көмегін көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде реабилитолог, невропатолог, логопед, дефектолог, психолог, емдік денешынықтыру және кәсіптік терапия мамандары 514 балаға кешенді оңалту шаралары бойынша қызмет көрсетті.

Психоәлеуметтік оңалту орталығында психикалық және мінез-құлық бұзылыс­тары бар адамдар үшін 7 емдеу-еңбек шеберханасы ұйымдастырылған. Атап айтқанда, тігін, қолөнер, ағаш ұстасы ше­берханалары және шағын баспахана мен өнер студиясы бар. Орталықта психикалық ауытқулары бар, соның ішінде аутизм спектрінің бұзылуы, психо-сөйлеу да­муының кешігуі, гипербелсенділік және зейін жетіспеушілік белгісі бар балалар үшін күндізгі стационар жұмыс істейді.