Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев Жаңа жыл кешін қандай ғимаратта өткізуге болмайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, жЖаңа жыл кеші өтетін ғимаратқа қойылатын арнайы талаптар бар.
– Адамдар жаппай жиналатын іс-шара ұйымдастырған кезінде кемінде 2 "эвакуация есігі" болу керек. Жаңажылдық іс-шараны жанғыш жабыны бар ғимараттың екінші қабаттан жоғары бөлігінде өткізуге болмайды, – деді ол.
Ғабит Бабаев ғимарат ішін әсемдегенде өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау керек екенін айтты.
– Әшекей шамдарды электрге дұрыс жалғау қажет. Ғимараттың электр жүйесінде төмендеткіш трансформатор болмаса, шыршаға тағылатын шамдар тізбегінің кернеуі 12 вольттен аспау керек, – деді Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары.