Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Кездесуге Қазақстан Президентімен бірге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты
Кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының келесі жылы атқаратын негізгі міндеттері мен бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО-ның қазіргі қызметіне байланысты бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.