Астанада Парламентаризм институтының құрылға­нына 5 жыл толуына орай Еуразиялық форум өтті. Ал­қалы жиында Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева мен Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов сөз сөйледі.
Парламентаризм институтына 5 жыл толды
99
оқылды

Дания Еспаева қатысушыларға Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қош­анов­­тың Парламентаризм инс­титутының 5 жылдығына арнал­ған құттықтауын жеткізді.

«Қазақстан Парламентінің қал­ыптасу, даму эволюциясы өз­ін-дік ерекшеліктерге ие. Ол осы отыз жыл ішінде мемлекеттің ма­ңыз­ды институттарының бірі ретінде нығайды. Еліміздегі конс­титуциялық өзгерістердің әрбір кезеңі парламентаризмнің жаңа даму парағын ашты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаев ұсынған «Күшті Пре­зи­дент – ықпалды Парла­мент – есеп беретін Үкімет» формуласы Қазақстан парламен­та­ризмінің дамуына тың серпін беріп, ықпа­лын арттыра түсуде. Осы орайда, Президент тапсыр­масымен Пар­ламент жанынан құрылған Пар­ламентаризм инс­титуты заңнама сапасын күшей­туде маңызды құрылым болып отыр», – делінген Ерлан Қошановтың құттық­тауында.

Сондай-ақ Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың алғысхатын оқып берді. Онда Сенат Төрағасы заң шы­ғару қызметін дамыту мен парламенттік жүйені нығайтуға қосылған Парламентаризм инсти­тутының елеулі маңызын сөз етті. 

Форумда сонымен қатар Қа­зақ­стан Республикасының Мем­лекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин­нің алғысхаты оқылды. Онда Мем­лекеттік кеңесші Парламен­таризм институтының парламен­таризм саласындағы зерттеулерді дамытуға және мемлекеттік бас­қару реформаларын қолдауға қос­қан кәсіби үлесін атап өтті.

Алқалы жиында Дания Ес­паева бүгінде Парламент Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағ­дарын жүзеге асырудағы сенімді тірекке айналғанын айтты.

– Парламенттің қазіргі моделі өзін мемлекеттік биліктің тұрақты элементі ретінде танытты. Қал­ыптасқан тепе-теңдік Парла­менттің ел Үкіметімен және өңір­лермен өзара сындарлы іс-әре­кетін айқындады. Қоғамда әділ­дікке деген сұраныс артқан кез­еңде билік пен азаматтар арасын бай­ла­ныстыратын буын ретіндегі Парла­менттің рөлі күшейе түсуде. Ол күнделікті қызметінде Мем­лекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағи­датын бел­сенді түрде ілгерілетіп келеді, – деді Мәжіліс вице-спикері.

Форумда баяндама жасаған Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан қазір Еуразия өңіріндегі елдер үшін парламентаризм тақыры­бының ерекше маңызды екеніне назар аударды. Оның айтуынша, мемле­кеттердің жа­рия билік жүйесінде елеулі транс­формация жүруде. Демократия­лық инсти­тут­тар нығайып, мем­лекеттік орган­дардың ашықтығы мен есеп­ті­лігіне деген қоғамның сұранысы артып келеді.

– Осындай жағдайда өкілді би­ліктің негізгі институты сана­ла­т­ын Парламент қоғамның үдесіне сай болуға тиіс. Президент атап өткендей, негізгі стратегия­лық мақсат – білікті әрі тәжірибелі мамандар шоғырланған кәсіпқой Парламент қалыптастыру, – деді Наталья Пан.

Осыған байланысты өткен форум­ның міндеттерінің бірі сая­си-құқықтық ахуал жиі өзгерген кезеңде парламентаризмнің бола­шағы туралы біртұтас көзқарасты айқындау болды.

Іс-шарада сөз алған Консти­ту­циялық Сот Төрағасының орын­­басары Бақыт Нұрмұханов, Әділет министрі Ерлан Сәрсем­баев, Астана хаб Басқару комите­тінің төрағасы Әлихан Бәйменов осы тақырыпта өз ойын білдірді. 

NARXOZ университетінің Еуразиялық экономикалық-құ­қық­тық зерттеулер институты Конс­титуциялық экономика орта­лы­ғы директорының орын­басары, заң ғылымдарының док­торы, профессор Виктор Ма­линов­ский Қазақстан Парла­менті­нің мемле­кеттілікті жаңғыр­тудағы рөлі мен маңызы туралы баяндама жасады.

Форумда шетелдік ғалымдар Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өз­бекстан және Тәжікстан елде­ріндегі парламентаризмнің қал­ып­тасуы мен даму жолы туралы айтып берді.

Қатысушылар бес жыл ішінде Парламентаризм институтының ғылымды, заң шығару мен мем­лекеттік саясатты сабақтастырған беделді әрі орнықты сарапта­ма­лық-талдамалық платформа ретінде қалыптасқанын атап өтті. Олар институттың мемлекеттік реформаларға қосқан практика­лық үлесіне ерекше тоқталды. Парламентаризм институтының өкілі 2022 жылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құ­рамы­на кіргені де айтылды.

Форумның күн тәртібінде парламентаризмнің консти­ту­ция­лық-құқықтық негіздері, рефор­малар жағдайындағы парламент­тік институттардың эволюциясы, сондай-ақ жаһандық сын-қатер­лер, цифрландыру және азамат­тар­дың басқару ісіне қатысуын кеңейту үдерісі қамтылған даму перспективалары талқыланады.