Бақыт Тұрман өзін “Әзіл Әлемі” театрының сахнасына шығармай қойғанын айтқан еді.
"Бағы жанбаса, неге ренжиді?": Мөлдір Мұқан өзін сынаған әншіге жауап берді (видео)
222
оқылды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, продюсер Мөлдір Мұқан “Тек қана қыздар” подкастына берген сұхбатында өзін айыптаған әнші Бақыт Тұрманға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Бақыт Тұрман өзін “Әзіл әлемі” театрының сахнасына шығармай қойғанын айтқан еді.

“Әзіл әлемінде” әншілермен жұмыс істедім. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Бибігүл Төлегенова сияқты әртістерді шақырғанда әуежайдан қарсы алып, жағдайын жасаймын. Тұрсынбекке әрдайым “Сен биіксің, сенің “Әзіл әлемің” жоғары деңгейден түспеуі керек. Оған тек танымал адамдар қатысуы керек” дедім. “Мені сахнаға шығармай қойды” деп айтқан екен. Тіпті “Бақытты сахнаға шығаратын болсаң, мен сенімен ажырасымын” деп айтқан, ақыры ажырасты ғой” деген екен. Бәрі бағына орай ғой, біз қолымыздан келгенін жасадық, ол кісіні де сахнаға өнер көрсетуге шақырдық. Жаным ашып, Тұрсынбекке “Осы сахнада бағы жанып, танымал болып кетсе, шықсын” дедім. Егер ол танымал болмаса, бағы жанбаса, оны әнші ретінде шақырмаса, не үшін жұртқа ренжиді? Тұрсынбек пен Мөлдірге ренжудің қажеті қанша?” – дейді Мөлдір Мұқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.