Финалиссима турнирі Еуропа чемпионаты мен Америка кубогының жеңімпаздары арасында ұйымдастырылады және бейресми түрде құрлықаралық суперкубок саналады.
Финалиссима 27 наурызда өтетін болды
Фото: Қазспорт телеарнасы
146
оқылды

Еуропа чемпионы Испания мен Америка кубогінің жеңімпазы Аргентина 2026 жылғы Финалиссима аясында 27 наурыз күні кездеседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.

Екі құрлықтың үздігі арасындағы тартысты матч Қатар астанасындағы әйгілі «Лусаил» стадионында өтеді. 

Финалиссима турнирі Еуропа чемпионаты мен Америка кубогының жеңімпаздары арасында ұйымдастырылады және бейресми түрде құрлықаралық суперкубок саналады. 

Алғашқы Финалиссима 2022 жылы өтті. Ол матчта Аргентина Италияны 3:0 есебімен жеңіп, трофей иегері атанған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.