Айтуынша, ата-ананың баласына қарата айтқан сөздерінде үлкен салмақ бар.
«Сөзіміздің тағдырға айналғанын білмей қаламыз...»: Айнұр Тұрсынбаева көпті ойландырып қойды
201
оқылды

Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде ата-ана мен баланың қарым-қатынасы жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Жақында бір әнші бауырымыздың сұхбатын естідім. Сол кезде оның әкесі бір ұлға зар болып, дұға жасаған екен. «Құдайым, маған көзі көрмейтін болса да, бір ұл берші» деп дұға жасап, ұл бала дүниеге келген екен. Қазір сол ер бала әнші болды, алайда көзі көрмей, емделіп жүр екен. Бұл жерде нені ұғамыз? Ата-ананың әрбір дұғасының құдыретін осыдан білсек болады», — дейді ол.

Айтуынша, ата-ананың баласына қарата айтқан сөздерінде үлкен салмақ бар.

Адамды сақтандыру үшін айтқан кезде, кейде сөзіміздің тағдырға айналып кеткенін білмей қаламыз. "Сөз қадірін өз қадірім деп білген біздің әжелер ашуланғанда да тілек тілеген. “Тұқымың өскір”, “тұқымың жайылсын” деп ашуланған. Сөз - вибрация. Әсіресе ата-ананың баласына қарата айтқан сөздерінде үлкен салмақ бар, деп жазды парақшасында.

Желі қолданушылары оның бұл сөзімен келісіп, қолдау білдіріп жатыр.