Сонымен қатар ол 2017 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, сол жылы Азия чемпионы атанған.
Ақжүрек Таңатаров Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды
173
оқылды

Даңқты балуан Ақжүрек Таңатаров грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жалпы жиналысынан кейін Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті қызметіне кірісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Спорттағы мол тәжірибесі, жоғары жетістіктері мен кәсібилігі отандық күрестің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз. Ақжүрек Таңатарұлына жауапты қызметінде сәттілік тілейміз! – делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, Ақжүрек Таңатаров — еркін күрестен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері. Сонымен қатар ол 2017 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, сол жылы Азия чемпионы атанған.

 

Танымал спортшы 2018 жылы кәсіби спорттық мансабын аяқтаған еді.