Ашылу рәсіміне БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев, сондай-ақ танымал саясаткерлер, спортшылар мен киберспорт жұлдыздары қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Турнирге Қазақстан спортшылары фиджитал футбол, фиджитал баскетбол және CS2 фиджитал шутер бойынша қатысып жатыр. Ел намысын үш мықты команда қорғайды. Олар: XGoat - CS2 дисциплинасы бойынша 2024 жылы Қазан қаласында өткен «Болашақ ойындарының» жеңімпазы, UEL Team фиджитал футболдан іріктеу кезеңінің жеңімпазы және құрамында ұлттық құрама спортшылары бар кәсіби баскетбол клубы PBC Astana.
18-23 желтоқсан аралығында Абу-Даби үкіметінің ADNEC көрме орталығында 60-тан астам елден келген 850-ден аса спортшы физикалық спорт пен цифрлық технологияларды біріктіретін 11 гибридті дисциплинада сынға түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.