Бүгін еліміздің көптеген өңірлерінде қолайсыз ауа райы болады.
Синоптиктер тұман, көктайғақ туралы ескертті
Фото: iStock
127
оқылды

18 желтоқсан Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қауіпті метеорологиялық құбылыстар: қар, боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында   қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

ШҚО, Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында  қар, боран, кей жерлерде тұман. Екпінді 20 м/с дейін жел күтіледі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында –  қар, бұрқасын, тұман.

Атырау және Маңғыстау облыстарында  тұман, көктайғақ күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.