Шымкент соңғы жылдары қарқынды дамыды, бұл өзгеріс қаланың әрбір көшесінен, әрбір нысанынан, тұрғындардың күнделікті өмірінен айқын аңғарылады.
Жаңғыру жолындағы заманауи мегаполис
180
оқылды

Үшінші мегаполис қысқа уақыт ішінде экономикалық әлеуетін нығайтып, инфрақұрылымын жаңғыртып, заманауи урбанистикалық талаптарға сай жаңа деңгейге көтерілді. Өнеркәсіп пен кәсіпкерлікке серпін беріліп, ірі инвестициялық жобалар іске асырылса, тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандардың саны артты.

Қала экономикасы алға ілгеріледі

Биыл он айдың қоры­тын­дысы бойынша мега­по­лис экономикасы 14,8 пайызға өсіп, республика көлемінде ал­дың­ғы қатардан көрінді. Бұл көр­сеткішпен Шымкент 114,8 пайыз­дық өсімге қол жеткізіп, Аста­надан кейінгі екінші орынға ор­нықты. Қаланың қарқынды да­муы туралы Шымкент қала­сы­ның әкімі Ғабит Сыздықбеков ор­талық коммуникациялар қыз­ме­тінде өткен баспасөз мәсли­ха­тын­да мәлімдеді. Қала эконо­ми­ка­­­сының әр саласында үлкен іл­герілеу байқалады. Сауда кө­ле­мі 24,6 пайызға, байланыс са­ла­сы 18,3 пайызға, өнеркәсіп өн­дірісі 14,7 пайызға, құрылыс жұ­мыстары 7 пайызға артты. Ин­вес­тиция көлемі де 4,7 пайызға ұлғайып, нәтижесінде 982 мың шар­шы метр тұрғын үй пай­да­лану­ға берілді. Бұл мыңдаған от­ба­сының жаңа баспанаға қол жет­кізуі, қаланың келбеті мен тұр­мыс сапасының жаңаруы де­ген сөз.

Экономикалық өсімнің не­гіз­гі қозғаушы күші өңдеу өнер­кә­сібі десек, бұл бағыт қала да­муы­ның стратегиялық өзегіне ай­налып отыр. Өңдеу өнеркә­сі­бін­де өндірілген өнім көлемі был­тырмен салыс­тыр­ған­да 16,5 пайызға артты. Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында 150 млрд теңгеге жуық инвестиция тар­тылып, 40 жаңа жоба іске қо­сыл­ды, нәтижесінде 2,5 мыңнан ас­там тұрақты жұмыс орны ашыл­ды. Бұл адамдардың еңбек­ке араласуы, табыс табуы, өмір са­пасының жақсаруы. Алдағы ме­желер бұдан да ауқымды. Қала эко­номикасын орнықты дамыту үшін алдағы бес жылда 6,6 трил­лион теңге инвестиция тарту жос­парланған. Мемлекет бас­шы­­сының тапсырмасына сәй­кес, инвестиция өңірлік дамудың басты тірегі. Осы мақсатта Шым­кент­те инвесторлар үшін қолай­лы орта қалыптасып, жүйелі қол­дау көрсетілуде. Соңғы үш жыл­да қала экономикасына 2 трил­лион теңгеден астам ин­вес­­ти­ция тартылып, оның 75 пайы­­зы жеке сектордың үлесіне тие­сі­лі болды. Орташа жылдық өсім 11 пайызды құрады. Бүгінде жал­пы құны 4,6 триллион теңгені құрайтын 221 инвестициялық жо­бадан тұратын пул жасақ­тал­ған. Бұл жобалар іске асқанда, қа­лада 29 мыңнан астам жаңа жұ­мыс орны ашылады.

Шымкент тек өсіп келе жат­қан қала емес, бо­ла­­­шағына нық сеніммен қадам бас­қан мегаполис. Мұндағы әр­бір инвестиция, әрбір жоба тұр­ғын­дардың әл-ауқатын арт­тыру­ға, қаланың экономикалық қуа­тын күшейтуге бағытталған. Қар­қын бар, жоспар айқын, мақ­сат биік. Осы экономикалық өсім­нің нақты көрінісі ретінде үшін­ші мегаполисте ірі инвес­ти­ция­лық жобалар кезең-кезеңімен жү­зеге асырылып жатыр. Соның ішін­де Alsera KZ түрік компа­ния­сымен бірлесіп, құны 322 млрд тең­гені құрайтын, 650 гектар ау­­­­­мақты қамтитын еліміздегі ең ірі заманауи жылыжай кешенінің құрылысы 2024 жылы басталып, биыл 98 млрд теңгелік алғашқы ке­зеңі толық аяқталды. Нәти­же­сін­де, 42 гектар жылыжайдан ал­ғаш­қы өнім жиналып, жоба нақ­ты нәтижесін бере бастады. Со­нымен қатар Польшаның Fabe Agro компаниясымен құны 68 млрд теңге болатын жоғары технологиялы жылыжай кешенін салу үшін 144 гектар жер телімі бө­лініп, құрылыс жұмыстары бас­талды. Бұл жоба жылына 36 мың тонна қызанақ пен қияр өн­діруге мүмкіндік беріп, 800-ден астам адамды тұрақты жұ­мыс­пен қамтуды көздейді.

Индустриялық және аграрлық әлеует

Индустриялық бағыттағы бас­тамалар да қарқын алуда. Түр­кия­лық YDA Group компа­ния­сымен 313 млрд теңгеге өнді­ріс­тік тех­но­логиялық материал­дар өндіру, ал отандық INTERTRANS ком­па­ния­сымен 80 млрд теңгеге мұнай өнім­дері­нен ұнтақталған по­липро­пилен шы­ғаратын зауыт салу жоспар­лан­ған. Бұдан бөлек, жуырда Ас­та­­на қаласында өткен инвес­ти­циялық форум аясында қытай­лық Shaanxi Construction Engineering компаниясымен 55 млрд теңгеге тұрмыстық қалдықты жағу ар­қы­лы 24 МВт электр энер­гия­­сын өн­діретін зауыт салу жө­нінде келі­сім жасалып, жобаға қо­қыс по­ли­гоны маңынан 12 гек­тар жер те­лі­мі бөлінді.

Аталған бастаманың барлығы Шымкенттің инвестициялық тар­­­­тымдылығы артып келе жат­қа­­нын, қала экономикасын әр­та­­раптандыру мен жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты нәти­же­сін көрсетеді. Осылайша, Шым­кентте жүзеге асып жатқан ау­қымды инвестициялық жоба­лар мен білім саласындағы жүйе­лі жаңғырулар мегаполистің ұзақ­мерзімді дамуына берік негіз қа­лап отыр. Жылыжай кешен­де­рі, өндірістік зауыттар мен «ж­а­сыл» энергетика нысандары қала экономикасын әртараптандырып қана қоймай, мыңдаған тұрғын­ды тұрақты жұмыспен қамтып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және экологиялық жауап­кершілікті арттыруға ба­ғыт­талған. Бұл бастамалар Шым­кенттің индустриялық әрі аграр­лық әлеуетін жаңа деңгейге кө­те­ріп, үшінші мегаполисті инвес­ти­ция тартуға қолайлы, заманауи өн­діріс орталығына айналдыруда.

Сонымен бірге білім беру са­ла­сындағы түбегейлі өзгерістер қа­ланың адами капиталын да­мы­ту­ға бағытталған нақты қадам­дар­ға ұласып отыр. Үш ауысымды мек­теп мәселесінің түбегейлі ше­шілуі, жаңа мектептер мен ба­ла­бақшалардың салынуы, бі­лім нысандарының күрделі жөн­деуден өтуі болашақ ұрпақтың са­палы білім алуына жасалған маңыз­ды инвестиция. Ал Прези­дент резиденциясының балалар­ға арналған сауықтыру лагеріне айналуы – әлеуметтік жауапкер­ші­ліктің жарқын көрінісі, мем­ле­кет қамқорлығының нақты нә­тижесі. Цифрландыру мен жа­­санды интеллектіні білім са­ла­сына енгізу арқылы Шымкент бас­қарудың жаңа мәдениетін қа­лыптастыруда. «Айқын» жо­басы арқылы мектеп қауіпсіздігі кү­шейіп, оқу процесін тиімді ба­­қы­лау мүмкіндігі артса, «Әлеу­мет­­тік әмиян» мен бірыңғай вау­­черлік жүйе бюджет қаржы­сы­ның мақсатты әрі әділ жұм­салуын қамтамасыз етті. Ал QARQYN жүйе­сінің іске қо­сылуы ашық­тық­ты арттырып, жем­қорлық тәуе­келдерін барын­ша азайтуға бағытталған.

Әрбір тұрғын өз ұсынысын айта алады

Мегаполистің жаңару қарқыны тек экономи­ка­лық көрсеткіштермен емес, тұр­ғындардың күнделікті өмі­рін­де сезілетін нақты өзгерістермен де айқындалып отыр. Соңғы екі жылда Шымкент қаласында кө­ше­л­ер мен жолдарды жарық­тан­дыру жұмыстары бұрын-соңды бол­маған ауқымда жүргізіліп, ре­кордтық нәтижеге қол жеткі­зіл­ді. Қала басшысының айтуын­ша, түнгі жарықтандыру тек жай­­­­­лылық емес, ең алдымен қауіп­сіздіктің кепілі. 2023 жылға дейін мегаполисте жыл сайын орта есеппен 115 көше ғана жа­рық­тандырылып, қамту деңгейі небәрі 30 пайызды құраған. Сол кезеңге дейін барлығы 2 028 көше жарықпен қамтылған еді. Ал соңғы екі жылда бұл бағыттағы жұмыс көлемі 40 есеге ұлғайып, қо­сымша 4 686 көше жарық­тан­дырылды. Нәтижесінде, жыл соңына дейін қала аумағында түнгі жарықтандыру деңгейі 100 пайызға жетпек. 2024-2025 жыл­дары атқарылған жұмыстар ая­сын­да көшелер бойына 95 223 жа­рықшам орнатылып, кешенді паспорттау жүргізілді. Бүгінде Шым­­кенттің жол желісі 3 840 ша­қырымнан асатын 6 882 кө­шені қамтиды. Бұл инфра­құры­лым­ды жүйелі дамыту арқылы қа­­ла келбетін жаңа сапалық дең­гейге көтерудің нақты көрі­ні­сі.

Шымкент тек инфра­құры­лымымен емес, бас­қару мәдениетімен де жаңа­рып келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен іске қосылған «Шымкентті да­мы­туға халықтың үлесі» жобасы тұр­ғындардың пікірін ескеріп, шешім қабылдау процесіне халық­ты тікелей тартуға бағыт­талған тың бастама. Прези­дент­тің «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» қағидатын басшылық­қа алған жоба аясында қоғамдық орындар мен қоғамдық көлік­тер­ге QR-кодтар орнатылып, әрбір тұр­ғынға қала дамуына қатысты өз ұсынысын жолдауға мүмкіндік берілді. Осылайша, енді әрбір шым­кенттік қала болашағына бей­жай қарамай, өз идеясын ашық әрі оңай жеткізе алады. Жүйеге келіп түскен барлық ұсы­ныс мұқият сараланып, ең өзекті әрі тиімді бастамалар нақты іске асырылатын болады. Бұл әкімдік пен халық арасындағы сенімге не­гізделген ашық диалогты ны­ғай­­тып, Шымкентті бірлесе да­мы­туға бағытталған маңызды қа­дам.

Осы өзгерістің барлығы Шым­­кенттің тек өсіп келе жат­қан мегаполис емес, тұрғындары­ның пікірімен санасатын, қауіпсіз әрі жайлы қалаға айна­лып келе жатқанын айқын көр­сетеді. Жалпы алғанда, бүгінгі Шымкент тек қарқынды дамып жат­қан қала емес, болашақты ой­лайтын, технология мен адам ка­питалын тең ұстаған мега­по­лис. Экономика мен әлеуметтік саланы қатар дамытқан бұл жүйе­лі саясат шаһардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тұрғын­дардың тұрмыс сапасын жақ­сар­туға бағытталған нақты нәти­же­лерін беріп отыр.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы